Жаңабергенов: Төрешілер Сәкен Бибосыновқа әділетсіздік жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан 2005 жылғы әлем және Азия чемпионы Ердос Жаңабергенов қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың Токио Олимпиадасындағы жекпе-жегіне қатысты өз пікірін айтты, деп жазды Olympic.kz.
Токио Олимпиадасы да мәресіне жетті. Боксшыларымыздың алтынсыз қалғаны өкінішті. Бапкерлер құраманы жақсы дайындықпен алып барды, оларға қолдан келгеннің бәрін жасады. Бір сөзбен айтқанда, спортшыларымызға тек қана шаршы алаңға шығып, жұдырықтасу ғана қалды. Әрине, кейбір сәтте боксшыларымыздың өзінен қате кетті. Ал Сәкен Бибосыновтың жағдайы мүлде бөлек. Сәкеннің үлкен дайындықпен барғаны байқалып тұр. Жартылай финалда төрешілер әділетсіздік жасады. Боксшының обалына қалды десем де, артық емес. Ол финалға лайық бокс көрсетті, ақтық сында алтынға таласатын жігіт еді. Дегенмен бұл спорт. Сәкенге барша халықпен бірге мен де тілеулес болып, қолдау көрсеттім. Өзіне де хабарласып, нағыз батырларша айқасқанын айттым. Ол өз міндетін өте жақсы орындады, - деді Жаңабергенов.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалында 2:3 есебімен ұлыбританиялық Джалаль Яфаиден ұтылып, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы