1 Сәуір 2024 2024, 07:38
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Жаңаарқада үш адам эвакуацияланды
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында үш адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында үш адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ұлытау облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
31 наурыз күні түнде сағат 03:37-де Жаңаарқа ауданында ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштерімен 3 адам эвакуацияланды. Олар 30 наурыз күні түстен кейін Ералиев кентінен 49 шақырым жерде тракторда балшық массасында қалып қойған, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Эвакуацияланған 3 адамды Жаңаарқа ауданы Ералиев кентіне жеткізілді. Ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет емес.