Жаңаарқа ауданында жылжымалы дәріхана ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаарқа ауданында шалғайдағы ауыл тұрғындарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін жылжымалы дәріхана пункті іске қосылды.

Жылжымалы дәріхана пункті созылмалы аурулармен ауыратын және есепте тұрған ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізетін болады. Ол елді мекендерге кесте бойынша қатынайды, – деп атап өтті Жаңаарқа ауданы әкімдігінде.

Жаңаарқа ауданында бір стационарлық әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді. Ол аудандық орталық ауруханада орналасқан. Дәрі-дәрмек сатып алу үшін шалғай ауылдардың тұрғындары бұрын аудан орталығына баруға мәжбүр болған. Енді дәріхана оларға өзі барады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы