Жаңа жылға қамдану. ІІМ заңсыз ағаш кескендерді жазалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің биылғы соңғы брифингінде айтты. 

Жаңа жылдық мерекелердің басты атрибуттарының бірі, әрине, шырша. Көбісі жасанды шыршаларды пайдаланады. Қазақстандықтарда сондай-ақ импортталатын жаңа жылдық шыршаларды, бұтақтардан құралған  шыршаларды және контейнерлерде өсетін тірі шыршаларды сатып алу мүмкіндігі бар. Бұл ретте импорттық жаңа жылдық шыршаларды сату кезінде сатушының тиісті құжаттары болуы қажет, - деді Нұрділдә Ораз. 

Ол атағандай, қылқан жапырақты жас шыбықтарды заңсыз кесуді, дайындауды, алып өтуді және өткізуді анықтау және жолын кесу үшін жаңа жыл қарсаңында «шырша» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. 

Республика бойынша полиция қызметкерлері мен табиғат қорғау органдарынан 305 мобильді топ құрылып, 695 рейд жүргізілді.Операцияның 10 күнінде барлығы 127 бұзушылық анықталды, оның ішінде 17 заңсыз ағаш кесу, 6 қылқан жапырақты жас тұқымды заңсыз тасымалдау фактілері тіркелді. 153 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Айта кету керек, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 ағашты жойғаны немесе бүлдіргені үшін құқық бұзушы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде залалды өтеуге мәжбүр болады. Егер ағаш ерекше қорғалатын табиғи аумақта кесілген болса, онда залалды өтеу сомасы 25 айлық есептік көрсеткішті құрайды, - деді ол.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы