Жаңа жылға қарай елдегі азық-түлік бағасы өсе ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Жаңа жылға қарай елдегі азық-түлік бағасы қалай болатыны туралы сұраққа жауап берді.
Жаңа жыл қарсаңында қазақстандық кәсіпкерлер Қытай тауар өткізбейтіндіктен барлығы қымбаттайды деп отыр. Ұлттық экономика министрлігі қандай шараларды қолға алады? – деп сұрады журналистер министр Әсет Ерғалиевтен Мәжілістің кулуарында.
Қытай мен шекара мәселесі біздің министрлікке қатысты емес. Бұл Сауда министрлігіне, сондай-ақ кеден бар, Қаржы министрлігіне қатысты мәселе болуы керек. Бағаның көтерілуіне келер болсақ, маусымдық ауытқулар бар, ол желтоқсанда барлығының жаңажылдық мерекелерге дайындалуымен байланысты. Сол себепті кейбір азық-түлік тауарларының бағасы өседі, - деп жауап берді министр.
Сондай-ақ Әсет Ерғалиев дүкендерде нан түріне қарай 130 теңге, картоп шамамен 425 теңге тұратынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы