Жаңа жылдық салат пен етті қанша уақыт сақтауға болады
Дайын тағамдардың сақтау мерзімі санитарлық нормалармен (СанПиН) қатаң түрде реттеледі, себебі олар тез бұзылатын өнімдер санатына жатады. ҚР ПІБ Референс-зертханасының санитариялық дәрігері Анар Мұсағалиева мерекелік дастархандағы салаттарды сақтау жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Майонез қосылған салаттар
Майонез бен қаймақ бактериялардың көбеюін жеделдететіндіктен, мұндай салаттардың сақтау мерзімі өте қысқа, - деп түсіндірді дәрігер.
Пісірілген көкөніс салаттары
Көпшілікке танымал «Оливье», «Майшабақ қосылған қабатталған салат – дәмделген күйде 12 сағаттан аспайды. Дәмдеуішсіз салатты тоңазытқышта 18–24 сағатқа дейін сақтауға болады.
Шикі көкөніс пен жеміс салаттары
Дәмдеуіш қосылғаннан кейін 6–12 сағат ішінде тұтыну қажет.
Теңіз өнімдері бар салаттар
Асшаян, шаяннан жасалған тағамдарды 12 сағат ішінде жеу ұсынылады.
Жұмыртқа мен консерві қосылған салаттар
Дәмделгеннен кейін сақтау мерзімі 6 сағаттан аспайды.
Дайын тағамдар (негізгі ас пен гарнирлер)
Ет тағамдары
Қуырып, қайнатып немесе бұқтырып дайындалған тағамдар – 48 сағатқа дейін қауіпсіз.
Балық тағамдары
Микрофлора белсенділігіне байланысты 24 сағатқа дейін сақталады.
Ұсақталған еттен дайындалған тағамдарды (соуспен) 12 сағаттан артық сақтауға болмайды.
Гарнирлер
Күріш, қарақұмық, макарон – соуссыз 24 сағатқа дейін, ал соус қосылған жағдайда сақтау мерзімі қысқарады.
Температуралық режим
Дайын тағамдар +2°C пен +6°C аралығында сақталуы тиіс.
Тығыз жабылатын контейнерлерді пайдалану ұсынылады.
«2 сағат» ережесі
Егер салат бөлме температурасында 2 сағаттан артық тұрған болса, оны қайта тоңазытқышқа қою қауіпті – мұндай тағамды тұтынбаған жөн.
Үй жағдайында дайындалған майонез
Шикі жұмыртқа сарыуызымен әзірленген майонез қосылған тағам 3–5 сағаттан артық сақталмайды, себебі сальмонеллез қаупі жоғары.