Жаңа жылдық корпоратив өткізуге рұқсат етіле ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай туралы өткен брифингте Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
Бекшин коронавирус инфекциясының таралуын одан әрі тежеу үшін қандай қосымша шектеу шаралары қабылданатыны туралы айтты.
1. Халықты жұқтырудың және отбасы мүшелерін жұқтырудың жетекші себептерінің бірі ретінде қалалық қоғамдық көліктің толықтырылуын азайту мақсатында қызметкерлер саны 15 және одан да көп ұйым қызметкерлерінің 60-80%-ын қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру;
2. Мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде қосымша кезекші топтар ашуды тоқтата тұру;
3. Сенбі күні сағат 17.00-ге дейін СОО және сауда объектілерінің жұмысын шектеу және жексенбі күні санитарлық күнге жабу;
4. Қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде сауда-ойын-сауық орталықтарында (жеке үй-жайларда) орналасқан және 50%-дан аспайтын орын толтырылған кезде ұжымдық іс-шараларға 7.00-ден 23.00-ге дейін рұқсат беру, ҚР БМСД №57 Қаулысының талаптарын сақтай отырып және шоттар бойынша төлемді 22.00-ге дейін жабу;
5. Өнеркәсіптік, құрылыс және автокөлік кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін қызметтік көлікті ұйымдастыру ұсынылсын;
6. ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, ХҚКО жұмысын ұйымдастыру;
7. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы, КВИ-мен ауырғандардың 35-36%-ы жұқтырылатын үй ошақтарында инфекцияның берілуін азайту мақсатында нақты стационарларды айқындасын және қорғалатын стационар жағдайында жеңіл және симптомсыз нысандары бар КВИ-мен ауыратын науқастарды вирустың бөлінуі тоқтағанға дейін дереу оқшаулауға және емдеуге кіріссін;
8. Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойынша «байланыссыз» Бизнестің - химиялық тазалау, ателье, жөндеу шеберханалары, ТҚС және авто жуу жұмыстарын шектемеу керек;
9. Барлық қауіпсіздік шараларын және жұмыс жүктемесін сақтай отырып, Алматы қаласы жасыл аймақта тұрақты болған жағдайда «байланыссыз» бизнестің, сауда-ойын сауық орталықтарындағы сұлулық салондары мен мейрамханалардың жұмысын ұзартылады.
Сонымен қатар КВИ-ді ары қарай таралуын болдырмау мақсатында кәсіпкерлердің назарын жаңа жылдық ертеңгіліктер мен корпоративтерге тыйым салынатындығын атап өткім келеді. Бүгінгі күнгі ахуал мұндай шаралар өткізуге мүмкіндік бермейді, - деді Жандарбек Бекшин шектеу шаралары туралы.