Жаңа жылдан кейін кейбір смартфондарда WhatsApp істен шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Қосымша операциялық жүйе iOS 9 немесе Android 4.0.3-ге дейін жаңартылмаған құрылғыларда істен шығады. Бұл iPhone 4 және оның ерте шыққан модельдеріне қатысты.

iPhone 4S, iPhone 5, iPhone 5S, iPhone 5C, iPhone 6 және iPhone 6S смартфондарында WhatsApp қайтадан жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді iOS 9-ға дейін жаңарту керек.

Сонымен қатар хаттарды жоғалтып алмас үшін олардың резервтік көшірмесін жасау қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы