Жаңа жылдан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы артады

Келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше,  министрлік тиісті шараларды әзірлеп жатыр.

Бұдан бөлек, Қазақстанның әр өңірінде су ресурстарын бөлу және оны пайдалануды бақылау мәселелерімен айналысатын бөлімдер пайда болады.

Су саласында қызмет етудің тартымдылығын арттыру қажет, еңбекақыны көтеру – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Әрине, жұмыс істеп жүрген кадрларды салада ұстап қалып қана қоймай, уақыт талабына сай мамандардың жаңа толқынын дайындау да маңызды. Министрлік тиісті ұсыныстар енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр», деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы