19 Қараша 2025, 12:04 Фото: - архив

Жаңа жылдан бастап халықтың табысы инфляциядан жоғары 2–3%-ға өседі

2026-2028 жылдары халықтың табысы инфляциядан жоғары қарқынмен жыл сайын 2-3%-ға өседі. Бұшл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2026-2028 жылдары халықтың табысы инфляциядан жоғары қарқынмен жыл сайын 2-3%-ға өседі. Бұшл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Халықтың табысын қолдау үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын жүзеге асыру жалғасады. Экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге ерекше назар аударылатын болады, - деді премьер-министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, мемлекет әлеуметтік қолдаудың атаулылық бағытын арттыруға ниетті.

Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейту жоспарлануда. 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады, - деді Серік Жұманғарин.