Жаңа жылдан бастап "Халық бухгалтері" акциясы басталады

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап "Халық бухгалтері" акциясы басталады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, бағдарламаның кәсіпкерлерге есепті дұрыс жүргізуге және қателерін азайтуға көмектесу үшін іске қосылады.

Биыл 19 желтоқсанда бухгалтерлер қауымдастығымен кездесу қорытындысы бойынша – кәсіби қоғамдастықта біздің бастамамыз қолдау тапты. Акцияның мақсаты – бухгалтерлік және салық есептілігін дайындау және тапсыру кезінде жеке кәсіпкерлерге және шағын бизнес субъектілеріне өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсету, –  деп атап өтті ведомство басшысы.

Өткізу форматтары:

ресми ресурстарды пайдалану арқылы онлайн-консультациялар беріледі, оның ішінде жеке Telegram-арна құрылатын болады;

  • офлайн және онлайн вебинарлар;
  • есепті кезеңдерде тақырыптық консультациялық сессиялар.

Акцияға қатысуға:

  • кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
  • кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері;
  • түсіндіру бөлігінде – аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары тартылатын болады.

Акция бірінші жартыжылдық бойы өткізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы