Жаңа жылда жаңаша өрлеу болады – Қытай елшісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо 2020 жылғы Қытай-Қазақстан қатынастарына шолу жасады.
Дипломат 2019 жылдағы екі ел арасындағы айтулы, саяси маңызы бар оқиғаларға тоқталды.
Өткен 2019 жыл Қытай мен Қазақстан қатынастары тарихындағы маңызды кезең болды. Былтыр Қазақстанның Тұңғыш президенті Елбасы Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" екінші халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қытайға барды. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин оны Қытай Халық Республикасының "Достық орденімен" марапаттады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға алғашқы мемлекеттік сапарын сәтті өткізді және екі мемлекет басшылары Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа мәртебесін бірлесіп жариялады. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тұрақты комитетінің төрағасы Ли Жаньшу, Мемлекеттік кеңес вице-премьері Хань Чжэн және Орталық хатшылықтың хатшысы Ян Сяоду Қазақстанға іссапармен келді. Екі ел арасындағы саяси қатынастар одан әрі нығая түсті, - деді Чжан Сяо.
Айтуынша, Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі өткен жылы 20 млрд доллардан асып, "Бір белдеу, бір жол" аясындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жеткен.
"Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында қытай-қазақстандық ынтымақтастық одан да көп жемісін берді. Екіжақты сауда көлемі 20 млрд доллардан асты; Қазақстан арқылы өтетін Қытай-Еуропа теміржол дәлізі бойынша жүк тасымалдаған пойыз саны 3 мың болып, 2019 жылы рекордтық деңгейіне жетті, ал жүк тасымалының жалпы көлемі 10 мыңнан асты. Шымкент мұнай өңдеу зауытын, Қызылорда цемент зауытын, Қызылорда әйнек шығару зауытын, Нұр-Сұлтан қалалық айналма жолы және Алматы күн электр станциясын модернизациялауды қоса алғанда, өндірістік қуат саласындағы ынтымақтастықта оннан астам жоба сәтті аяқталып, пайдалануға берілді. Суперкомпьютер орталығы және сапаны бақылау зертханалары сияқты жобалар да сәтті алға жылжуда. Қытайдың бірқатар банкі өз қызметін "Бір белдеу, бір жол" сауда секторын іске қосқан "Астана халықаралық қаржы орталығында" бастады. Қазақстандық компаниялар Шанхайда өткен ЭКСПО-ның екінші көрмесінде 160 млн доллардан астам сомадағы келісімшартқа қол қойды. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық тамаша нәтижелерге қол жеткізді, - деп атап өтті елші.
Чжан Сяо екі ел арасындағы мәдени байланыстың күшейгенін атап, білім саласындағы жетістіктерге тоқтады.
Сонымен қатар, өткен жылы бірінші халықаралық қытай-қазақ бірлескен "Композитор" кинофильмінің премьерасы өтті. Ол халықаралық марапаттарға ие болды. Екі елдің кино және теледидар саласындағы ынтымақтастығы үлкен бастама алды. Екі тарап жіберген шетелдік студенттердің жалпы саны 15 мыңнан асты. Бұл білім саласындағы қатынастардағы жаңа рекорд болды. Қазақстандағы "Жастар жылы" аясында Қытай тарапы қазақстандық жастарға арнайы Қытайға сапар ұйымдастырды, осылайша екі елдің жастары арасындағы достық нығая түсті. Қытай мен Қазақстан мәдениет, технология және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түсті; Екінші Қытай-Қазақстан Өңірлік Ынтымақтастық форумы сәтті өтті. Провинциялар, аудандар мен қалалар арасындағы нақты ынтымақтастық жобаларында мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік рухы екі халық арасындағы байланыстарды терең нығайтты, - деді диломат.
Елші осы жылдың еншісіндегі жоспарлар орындалатынына сеніммен қарайды.
Жаңа жылда жаңа ілгерілеу басталады. Мен Қытайдың Қазақстандағы елшісі ретінде, 2020 жылы Қытай-Қазақстан қатынастарының тұрақтылығын, беріктігі мен мызғымастығын тағы бір рет дәлелдейтініне және жаңа табыстарға қол жеткізуде өзіне тән қажымас энергиясын тағы бір рет көрсететініне сенімдімін, нәтижесінде екіжақты қатынастардың деңгейі мен сапасы біртіндеп арта түседі.
Саясатта Қытай мен Қазақстан екі мемлекет басшыларының мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті, барлық шарт пен келісімді дамыту жөніндегі маңызды уағдаластықтарын елеулі түрде жүзеге асыруды, өзара сапарлар мен кездесулерді жоғары деңгейде қолдауға, түрлі деңгейдегі мемлекеттік басқаруда тәжірибе алмасуға, екіжақты қатынастардың саяси негізі ұзақ жылдар бойы нығаюы үшін үнемі саяси байланыстар мен үйлестірулерді нығайтып, өзара сенім мен саяси қолдауды күшейтеді, - деді Чжан Сяо.
Дипломат Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық әлеуеттің жоғары екенін айтып, байланыстағы басымдық берілетін бағыттарға тоқталды.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, біз "Бір белдеу, бір жол" бастамасы мен "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатының ықпалдастығын, өндірістік және инвестициялық ынтымақтастықты жан-жақты жүзеге асыруды, өндірістік қуаттылық саласындағы 55 жобаның сапалы құрылысын және пайдаланылуын жалғастырамыз; екіжақты сауданы кеңейтіп, тұтасымен тауарлар мен сауданың сапасын жақсарту, шекаралық көліктік ынтымақтастық пен коммуникацияны нығайту; Қытай Қазақстанға порттарын пайдалануға мүмкіндік беру арқылы өз нарығына қазақстандық жоғары сапалы тауарларды импорттауға дайын. Бұл өз алдына қазақстандық өнімдердің Азия-Тынық мұхиты нарығына шығуына көмектеседі; энергетика, қаржы, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдете отырып, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты сапалы дамытуға, екі халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ету, - деді ол.
Чжан Сяо мемлекеттеріміздің ынтымақтастығына мәдени-гуманитарлық бағыттың орны айрықша екенін ескеріп, аталған саладағы іс-шаралар жоспарымен бөлісті.
Біз гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы алмасуды және байланыстарды кеңейтеміз, визалық режимді жеңілдетуге, екі ел арасындағы тікелей рейстердің көбеюіне назар аударамыз. Студенттер санын, жастар арасындағы тәжірибе алмасуды көбейтуге және екі елдің университеттері, ғылыми-зерттеу институттары мен бастауыш және орта мектеп оқушыларының тәжірибе алмасуына ерекше назар аударылатын болады. Білім, ғылым және технология сияқты гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық деңгейі тұрақты түрде артады, біз үлкен мәліметтер мен блокчейндер сияқты инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытамыз; кинотеатрларды, телехикаялар мен телебағдарламаларды тарату, басқа елде сигналдарды қабылдау және тарату, мүмкіндігінше көп концерт, көркемдік қойылым мен мұражай көрмесін ұйымдастырамыз, - деді елші.
Дипломат Қазақстанмен көршілік қатынастың маңыздылығына тоқталып, екі елдің халықаралық ұйымдардағы рөлі мен орнын атап өтті. Сонымен қатар, екіжақты қатынастың бұдан әрі нығаюын тіледі.
Халықаралық аренада біз стратегиялық серіктестік рухына сүйене отырып, БҰҰ-да, Шанхай ынтымақтастық ұйымында, АӨСШК-де және басқа да аймақтық және халықаралық ұйымдарда Қытай мен Қазақстан арасындағы "Тату көршілік, достық және ынтымақтастық" туралы келісімнің ережелеріне және екі тарап қол қойған басқа да саяси құжаттарға сәйкес қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Сонымен қатар, екі ел байланыс пен келісімді нығайтып, екі тараптың негізгі мүдделеріне қатысты мәселелерде бір-біріне нақты көмек көрсетіп, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ниетті, бұл сөзсіз адамзаттың біртұтас тағдыры қоғамдастығын құруға, халықаралық қатынастардың жаңа үлгісін және әділетті, халықаралық тәртіпті орнатуға ықпал ететіні сөзсіз.
Қытайда бір жақсы сөз бар: жақын көрші алыс туысқаннан жақсы. Сондай-ақ, қазақ ойшылдары "алыстағы туысыңнан, жаныңдағы көршің артық" дейді. Қытай мен Қазақстанның ортақ шекарасы, таулары мен өзендері бар, даму мақсаттары да ортақ, сол себепті достық қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастық - екіжақты қатынастардағы жалғыз жақсы таңдау. 2020 жылы адамзаттың біртұтас тағдыры қауымдастығын құру мақсатына алғашқы қадам жасау үшін жұмыла жан-жақты жұмыс жасайық. Қытай мен Қазақстан арасындағы достық ағашы екі халыққа одан да көп жеміс мен игілік әкелсін, - деп сөзін аяқтады Чжан Сяо.