Жаңа жыл қарсаңында қандай тағамнан аулақ болған дұрыс?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жылды атап өтемін деп ауруханадан бір-ақ шықпаңыз. Ақ халаттылар ел азаматтарын мереке қарсаңында майлы әрі алкогольді өнімдерді аз қолдануға шақырады. Негізгі осылардың кесірінен асқазанын құртып жатқандар аз емес көрінеді. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы айтып берді.

Жаңа жыл деп шапқылап, базар жағалап, дүкен аралап дастарханның қамын жасап жатқандардың қарасы көп. Мамандар мерекелік көңіл күйдің көтеріңкі болуын көксегендер денсаулығын да ұмытпаса екен дейді.

«Алкогольді сусындарды шамадан тыс көп қолданған кезде панкреотит, өттің толуы, бауыр ауруы 50-60 пайыз адамдарда кездеседі. Көбінесе асқазанға ауырлық туады. Майлы тағамдарды, қуырылған, майонез, трансмайлар қосылған көптеп тұтынғаннан кейін асқазанда бірден ауырлық сезімі пайда болып, 2-3 күн адамдар ауырып жүреді», - деді диетолог Арай Әміре.

Жаңа жылдық кештің өзіндік қалыптасып қалған тағамдары бар екенін білесіз. Мамандардың асқазанға ауырлық түсіреді деген нәрселері елдің дастарханында бола ма екен?
«Негізі болады майлы тамақтарды жеуге. Көп емес былай», «Дастархан мол болса сол жетеді ғой. Отбасы үлкен болып бәрі қарсы алса», «Негізі дұрыс шығар деп ойлаймын. Майлы заттар зиянды деп жатады», - деді тұрғындар.

Дәрігерлер, әсіресе, майлы тағам мен алгокольді араластырып, асқазанға ауырлық түсіріп алмаңыз деп ескертеді. Осының кесірінен түрлі аурулар асқынып кетуі мүмкін екен.

Алкоголь ішімдіктер көпшілікке белгілі организмге тез тарайды. 5-7 минуттың ішінде шектен қанға тарап, бірден миға әсер етеді. Ол тек ішкі ас қорыту органдары ғана емес, ми, нерв жүйесіне де теріс әсері болып жатады, - деді терапевт Діллахан Байменова.

Жылына бір келетін кешті кім қалай өткізетінін әрине әркім өзі таңдайды. Бірақ «бірінші байлық - денсаулық» екенін биылғы жыл анық дәлелдеп бергендей.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы