Жаңа жарлық бойынша Үкімет қажырлы жұмыс істейтін болады – Айгүл Соловьева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президентінің адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлығы барлық адамның құқығын жаңа деңгейде көтереді. Бұл туралы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі және Қазақстанның экологиялық ұйымдары кеңесінің төрағасы Айгүл Соловьева мәлімдеді. 

Президентіміздің адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатындағы Қаулысы қазіргі таңда маңызды роль ойнайды. Өйткені Қаулы адам бостандығына, құқығының тапталмауына басымдық берген. Бұл біздің халықаралық келісімге келгенімізді және олардың стандарттарын қабылдағандығымызды айтады. Осыған қарай басқаша ереже сай жұмыс істейтін боламыз. Бұл Қаулының ұтымдылығы жоғары. Себебі халқымыздың әрбір адамының жеке құқықтарын одан әрі нығайта түседі. Егер де бұл Жарлық уақытылы және сапалы орындалатын болса, пайдалы нәтижеге қол жеткіземіз, – деді ол.

Оның айтуынша, Жарлықта адамдардың құқықтарын одан әрі арттыратын ең қажетті түзетулер енгізілген. Бұл дегеніміз Үкіметтің қоғам тарапындағы өзекті мәселелер ескергенін айтады.

Құқықтық актілерде елімізге аса қажетті тапсырмалар берілген. Атап айтар болсақ, бірлесу бостандығына құқық, әрбір еліміздің азаматының пікір білдіруіне ерік беру, үкіметтік емес ұйымдармен өзара қимыл тиімділігін арттыру. Осы айтылған пункттер бойынша Үкімет тарапы қажырлы жұмыс істейтін болады.

Адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жаңа тапсырмада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың проблемалары басты назарға алынатынын айтты.

Бұқара халықтың жеке құқықтары пайдаға кенеледі. Қоғам құқықтары жаңа деңгейде қорғалатын болады. Қаулыда жазылған мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары көпшілік арасында сақталмай жатады. Өйткені, көріп жүргеніміздей, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз қоғамдық көліктерге, Үкімет мекемелеріне кіре алмай жататын сәттер жиі байқалады. Олар осындай қарапайым құқықтарының тапталуынан зардап шегіп келеді. Осы мәселенің алдын алу мақсатында акті қатаңдатылған, – деді Айгүл Соловьева.

Сонымен қатар Айгүл Соловьева қаралған заңнамалардың қатарында «Әйелдерге қатысты кемсітуді жою» мәселесі бойынша жеке пікірін білдірді.

Әйелдерге қатысты кемсітуді жою туралы заң бұрыннан қарастырылған. Олардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік кепілдік заңнамасы бар. Жұмыс жерінде, үйдегі зорлық-зомбылықтан сақтайтын және т.б моральдық құқықтары бойынша. Ал, меніңше, жаңа Қаулыда қосымша мәртебелерін нығаюына одан әрі септігін тигізеді деп білемін. Бұл мәселелерді әйелдер орталығы алдағы уақытта жеткізе жатар, – дейді Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі және Қазақстанның экологиялық ұйымдары кеңесінің төрағасы Айгүл Соловьева.

Айта кетейік, 9 маусым күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Олжас АДАЙ

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы