Жаңа Зеландияда ұйым есірткі қосылған кәмпит таратты
Жаңа Зеландияда қайырымдылық ұйымы тұрғындарға құрамында өлімге әкеп соқтыратын метамфетамин қоспасы бар тәттілер таратқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Есірткі қосылған кәмпит 400-дей адамға берілген. Әзірге қайтыс болғандар туралы ешқандай ақпарат жоқ. Бірақ тәттіні тұтынған кей тұрғындар оның дәмін татқаннан кейін өзін жайсыз сезініп, дереу жедел жәрдем қызметіне жүгінген.
Жергілікті наркология қызметінің дерегі бойынша кәмпиттерде тыйым салынған қоспа өлімге әкеп соғатын дозадан 300 есе көп болған. Ал қайырымдылық ұйымы тек мөрленген қаптамадағы өнімдерді қабылдайтынын атап өтті. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы