Жаңа Зеландияда шекарадағы шектеулер алынып тасталды

Жаңа Зеландия бүгіннен бастап коронавирусқа байланысты ел шекарасын кесіп ету үшін енгізілген барлық шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы осы елдің Туризм министрі Стюарт Нэш мәлімдеді. 

Осымен бірге круиздік кемелер мен серуендеуге арналған қайықтарға қолданылған санитарлық шектеулер де жойылды. 

Бірақ карантин тәртібі алынғанымен шетелдіктер екпе салдырғаны жайлы құжат көрсетіп, 2 рет ПТР-тест тапсыруы тиіс. 

Жаңа Зеландияда коронавирусқа қарсы шектеулер биыл ақпан айынан бері жеңілдетіле бастады.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы