17 Шілде 2026, 05:41
Фото: pexels.com
Жаңа Зеландияда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі болды
Жер сілкінісінен кейін билік цунами қаупіне байланысты ескерту жариялады.
Жаңа Зеландия жағалауында күшті жер сілкінісі тіркелді. Жергілікті сейсмологтар оның магнитудасын 6,3 деп бағаласа, АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) 5,9 магнитуда болғанын хабарлады.
Жер сілкінісінің эпицентрі Те-Анау қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 42 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 76,4 шақырым тереңдікте болған.
Жер сілкінісінен кейін билік цунами қаупіне байланысты ескерту жариялады.
Қазіргі уақытта қаза тапқандар, зардап шеккендер немесе ірі көлемдегі қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Жаңа Зеландия Тынық мұхитының Отты белдеуінде орналасқан. Бұл – жер сілкіністері мен жанартау атқылауы жиі болатын әлемдегі ең белсенді сейсмикалық аймақтардың бірі.