Жаңа Зеландияда күшті жер сілкінісі болды
Жаңа Зеландиядың астанасы Веллингтонға жақын жерде магнитудасы 5,7 балды құраған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
U.S. News & World Report таратқан ақпаратқа сәйкес, 37 мыңнан астам адам жерасты дүмпуін сезген. Тіпті кейбірі солтүстік өңірде, Солтүстік аралдағы Оклендте отырып жер сілкінгенінің куәсіне айналған.
GeoNet жер сілкінісі салдарынан цунами басталу ықтималдылығы туралы ескерту түспегенін мәлімдеді.
Жаңа Зеландия өрт және апат қызметінің өкілі көмек сұрап хабарласқандардың болмағанын айтты.
Елдің мемлекеттік радиосы бүлінген ғимараттар мен жарақат алған адамдар туралы дерек жоқ деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Конгода 30 мыңнан астам адам маймыл шешегін жұқтырды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы