4 Наурыз 2023 2023, 16:20 Фото: Getty Images

Жаңа Зеландияда 6,9 балдық зілзала тіркелді

Жаңа Зеландия құрамына кіретін Кермадек архипелагі ауданында сенбі күні магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа Зеландия құрамына кіретін Кермадек архипелагі ауданында сенбі күні магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмика орталығына сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат мәлімдеді.

Олардың дерегі бойынша, жерасты дүмпуінің эпицентрі 8 мың тұрғыны бар Керайкри қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 150 шақырым.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Әзірге цунами қаупі жарияланған жоқ.