Австралияда Жаңа Зеландия премьерінің ұшағынан ақау шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ясинда Ардерн жұбайымен бірге коммерциялық ұшақпен үйіне келді.
Австралияда Жаңа Зеландияның премьер-министрі Ясинда Ардерннің бортындағы компьютер сынып қалды. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.
«Ұшар алдындағы тексеруде ұшақтың компьютері бұзылған болатын. Ол – ұшақты басқару жүйесінің маңызды бөлігі», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Енді Жаңа Зеландиядан басқасы жіберіледі және ертең ұшақты жөндейді.
Ардерннің Мельбурнға сапарының алдында ұшақтың жарамдылығына қатысты күдік болған. Себебі ұшпас бұрын да ақаулары жөнделген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы