Жаңа заңда әйел құқығы қалай қорғалмақ

Гендерлік теңдік және гендерлік экономика бойынша сарапшы Әйгерім Құсайынқызы әйел мен бала құқығына қатысты заңға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңгер заңдағы ең негізгі өзгерісті атады.

Қазақстанда бұған дейін Әкімшілік құқық бұзушылық кодекісіндегі 78-баптағы "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" заңы жұмыс істеп келді. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық болған кезде 15 АЕК айыппұл салу немесе 15 тәулікке бас бостандығынан шектеу туралы шара қабылданатын. Дәл осы заң қылмыстық кодекске қайтарылды. Енді  200 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді немесе қоғамдық жұмыстарға 200 сағатқа дейін тартылады, сондай-ақ 50 тәулікке дейін қамауға алынады. Аталған заң - отбасы қарым-қатынасы, баланың қауіпсіздігі, елдегі әйел мен бала мәселесіне арналған. "Неке және отбасы" кодексіне, "Қылмыстық процессуалдық кодексіне", "Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне" және "Тұрғын үй жайы жөнінде" заңнамаға бірнеше баптар мен толықтырулар енгізілді, - деді Әйгерім Құсайынқызы.

Құсайынқызының сөзінше, заңға "ұру" деген жеке жаңа бап енгізілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте ұрып-соғу деген бап болған, енді "ұру" деген жеке бап қосылып отыр, - дейді сарапшы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы