Жаңа заң, газ, таза су: Алдағы 5 жылда іске қосылатын жобалар таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев алдағы 5 жылда еліміздегі барлық қала мен ауылда қандай өзгерістер болатынын айтты.
Министр төртінші бағыт бойынша 22 іс-шара жүзеге асырылатынын айтты.
«Агломерацияны дамыту туралы» заң әзірленеді. Жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес Өңірлердің даму жоспарларын өзектендіру көзделеді. Сондай-ақ стратегиялық инвесторлармен бірлесіп, елімізде кем дегенде 2 400 мегаваттық жаңартылатын қуат көзі іске қосылады, - деді ведомство басшысы.
Одан бөлек, еліміздің ластанған 10 қаласын орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшіру жоспарланып отыр.
Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде барлық қала мен ауыл таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Су ресурстарын ұқыпты пайдалану мақсатында 120 арна реконструкцияланады және 9 жаңа су қоймасы салынады, - дейді министр.
Сонымен бірге Ерғалиев атап өткендей, бюджет үдерістерін жеңілдету, бюрократияны барынша азайту және цифрлық тәсілдерді қолдануды кеңейту бойынша заңнамаға түзетулер енгізіледі.
Абаттандыру және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бюджетіндегі «халық қатысатын» үлесі арттырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы