Жаңа ұлттық жоба 32 аудандық аурухананы жаңартады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мәлімдеді.

Менің тапсырмам бойынша Президент әкімшілігі «Қолайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» атты екі пилоттық ұлттық жобаны әзірлеуді үйлестіріп отыр. Олардың іске асырылуы бойынша нақты міндеттері мен мерзімдері бар, нақты нәтижеге бағытталған. Әңгіме не туралы екенін еске салайын. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мыңдай оқушы сыятын білім ордасының құрылысын бағамдап отыр. Жоба үш ауысымды білім беру, апатты мектеп, білім беруге қол жеткізу талаптарының біркелкілігі мәселелерін шешуді мақсат тұтады, - деп атап өтті Президент. 

Сонымен қатар ол «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына тоқталды. 

Бұл жоба тиісті медициналық инфрақұрылыммен барлық ауылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол 800 мыңнан астам азаматтары бар 650 елді мекендерді қамтиды. Көпсалалы медициналық мекеме деңгейіне дейін 32 аудандық аурухананы жаңғырту жоспарланған. Нәтижеіснде шұғыл және орташа технологиялы медкөмекке қол жеткізу үшін арақашықтық 500-ден 200 шақырымға дейін қысқарады. Үкімет биыл қыркүйекке дейін бюджеттік процесс арқылы бұл ұлттық жобаларды іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдап, есеп жүргізуі тиіс, - деді Мемлекет басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы