Жаңа ұлттық парк құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Экология министрі Cерікқали Брекешев өзінің твиттер желісіндегі парақшасында хабарлады.
Атап айтсақ, 7 желтоқсан күні Үкіметтің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды.«Ұлытау» ұлттық паркі Президенттің тапсырмасы аясында құрылып отыр.
Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.
Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау.
«Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-мемлекеттік табиғи парк.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вирус неге мутацияға ұшырайды? – Инфекционист жауап берді
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы