Жаңа үлгідегі 86 мың куәлік әзірленді

Өткен айда жаңа үлгідегі жеке куәліктер шығарыла бастады. Қанша азамат жаңа үлгідегі куәлікті алғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлімдеді.

Биыл 15 маусымнан бастап Қазақстан азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі қолданысқа енгізілді. Бұрын бұл туралы хабарлағанбыз. Сол уақыттан бері 86 мыңға жуық жеке куәлік әзірленді. Онда жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі.

Оның айтуынша, жаңа дизайнды жасау үшін бюджеттен ешқандай шығын болмаған.

Мемлекеттік БАЖ мөлшеріне ешқандай әсерін тигізбейді. Жарамдылық мерзімі әлі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі жарамды болады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру науқаны болмайды. Тек жеке куәлігінің пайдалану мерзімі біткен азаматтардың құжаты жаңа дизайнда жасалып беріледі, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы