Жаңа тұрғын үй кешендерінде учаскелік полиция пунктері болады – Алматы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының сәулеттік келбетін және қала құрылысын қалыптастыру ережелерінің талаптарына сәйкес, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жобалау және салу кезінде 3 мың адамға 1 учаскелік полиция инспекторынан келуі тиіс. Бұл мақсатта салынатын полиция бөлімшелерінің ауданы 45 шаршы метрден кем болмауы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Салынып жатқан тұрғын үйлер маңында УПП-ның пайда болуы тұрғындарға тәртіп сақшыларының жақын маңда болуына мүмкіндік береді, бұл біздің инспекторларға шақыртуларға тез жетуге және тұрғындармен өзара әрекеттесуге көмектеседі. Учаскелік полиция пункті барлық қажетті құралдармен жабдықталады, жергілікті жердегі полиция қызметкерлерінің жұмысын тек ішкі қызметтер ғана емес, сонымен қатар, тұрғындардың өзі бақылайды. Тұрғындардың кері байланысы – бұл қазіргі кезде жүргізіліп жатқан ішкі істер органдарын реформалау тиімділігінің негізгі көрсеткіші, – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.Сонымен қатар ол учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын жақсарту бойынша үш жылдық кешенді жоспар жасалғанын, оның ішінде 36 учаскелік полиция бөлімшесіне кеңселер беру, 19-ын салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешендеріндегі учаскелік полиция пункттері жоспарланғанын айтты. Кешенді жоспарды іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады және 2021, 2022, 2023 жылдарға арналған.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында реформалар мен «полиция жақын маңда» қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті, мұнда басты рөл учаскелік полиция қызметкеріне жүктеледі, олар өз аймақтарындағы тұрғындарына жақын, азаматтар үшін беделді және олардың құқықтарын қорғайтын болуы керек. Осы қағиданы іске асыру мақсатында біз учаскелік полиция пункттері үшін 36 орынды анықтадық. Қарқынды дамуды және Алматы облысының бірқатар елді мекендерінің қалаға қосылуын ескере отырып, бүгінгі таңда бұл шұғыл қажеттілік болып табылады, – деді Қанат Таймерденов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда өрт сөндірушілер ер адамды құтқарып қалды
Өзгелердің жаңалығы