Жаңа туған сәбилерге домбыра тарту етілді

Ақтөбеде Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында қала әкімдігі мен бір топ өнер иесінің ұйымдастыруымен ерекше іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Қаладағы 3 перзентханада бүгін, 7 шілде күні дүниеге келген 37 сәбиге қазақтың қасиетті домбырасы тарту етілді.

Шараға арнайы қатысқан ҚР Мәдениет қайраткері, өңірімізден шыққан танымал күйші - Тұрар Әліпбаев әрбір сәбидің анасына домбыраны өз қолымен табыстап, ақ батасын берді.

Нәрестесін дүниеге әкелген аналар тәрбиелік мәні зор осындай іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы