Жаңа туған нәрестені Жаңақорғаннан Қызылордаға тікұшақпен жеткізді
ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары сәбиді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шұғыл жағдайларда көмек көрсету үшін «Қазавиақұтқару» АҚ құтқарушылары жедел әрекет етті. ҚР ТЖМ әуе кемесінің экипажы Жаңақорған ауылынан Қызылорда қаласына жаңа туған сәбиді эвакуациялауды табысты орындады.
Сәбиді шұғыл түрде ауруханаға жеткізу қажет болды. Медициналық бригаданың ұшқыштары Данияр Мырзахметов пен Елдос Бақтыбайдың үйлесімді жұмысы арқасында бала анасымен бірге қауіпсіз әрі жылдам медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы