Жаңа тренд: Жас жұбайлар ұлттық нақышта гендер-пати жасады
Қазақстандық жас жұбайлар болашақ сәбидің жынысын анықтауға арналған гендер-патиді ерекше форматта ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода олар екі баланы, яғни ұл мен қызды киіз үйге кіргізіп, сыртынан есікті жапқаны көрінеді.
"Бір, екі, үш!" дегеннен кейін есік ашылып, киіз үйден қыз бала шыққан сәтте ата-анасы оны қуана құшағына алды. Осылайша, көпшілік олар тағы бір қыз баланы күтіп жүргенін білді.
Соңына дейін көрмей тұрып комментарийге өз ойыңды жаз. Идея өзіміздікі өндірісті, - деп әзілдеген видео авторы Аяжан Қалиханова.
Видео желіде тез таралып, мыңдаған қаралым мен пікір жинады. Қолданушылар отбасының креативіне, эмоциясына сүйсініп, бұл форматты өте қарапайым тәсілді көрсеткен жаңа тренд деп бағалауда.
Желі қолданушылары да өздерінің жылы лебіздерін білдіруде.
"Мен көрген ең керемет гендер-пати", "Гендер-патиға жаңа идея шығардыңыздар", "Бізде де шүкір қыз да бар, ұл да бар. Идея таппай жүр едім расходы аз. Мынау күшті, тегін ғой", - деп түрлі пікір жазуда.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде сатушы ақшасы жетпеген әжейге көмектесіп, батасын алған видео тараған болатын.