Жаңа теңге қандай болатыны белгілі болды

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Банкноталардың жаңа сериясы «Сақ стилі» элементтеріне негізделіп жасалған. Ол көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді. Жаңа банкноталар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноталар осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығады.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноталардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдірілген қорғаныш қабілетін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Жаңа банкноталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құнына қарай қабылдауға жатады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының барлық банкі арқылы банктік шоттарға аударуға, айырбастауға және ұсақталуға міндетті. Жаңа дизайндағы банкноталар шығарылғаннан кейін алдыңғы үлгідегі банкноталар айналымнан біртіндеп алына бастайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы