Тоғжанов: Жаңа штамның өзгелерге жұқтыру ықтималдығы жоғары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында вирустың кең таралуына байланысты оның құрамына скринингтік тексеру жүргізілген болатын.
Соңғы айда коронавируспен ауру деңгейі 1,7 пайызға төмендеді.
Алдын ала нәтижелер вирустың мутацияға ұшырағанын және оның үндістандық штамға сай екенін көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдегендей, толық геномдық зерттеу нәтижесі әзір болғанда, оны жариялайтын боламыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, үндістандық штамм әлемнің 74 елінде анықталып отыр. Ол өзге штамдарға қарағанда екі есе жылдам таралады және ауыр жағдайда өтеді. Сонымен қатар өзге штамдарға қарағанда жұқтыру ықтималдығы 60 пайызға жоғары. Бір адам бес-алты адамды жұқтыра алады. Одан қорғанудың бір жолы бар, ол вакцина. Әлем әзірге басқа ешқандай қорғану тәсілін ойлап шығарған жоқ. Сондықтан аурудың таралуына жол бермеу үшін, әрі оның жеңіл өтуіне жағдай жасау үшін барша қазақстандықты вакцина алуға үндеймін, - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінде вакцина жеткілікті. Ақпаннан бері елге жеті миллион доза вакцина әкелінді. 4,6 млн халық вакцинацияланды. Аймақта 2,4 млн вакцина бар. Қосымша дозалар кестеге сәйкес жеткізіледі.
Ол сонымен қатар елдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. Стационарлық емдеудегі науқастар саны 2,1 пайызға, амбулаториялық емдегі науқастар саны 1,7 пайызға азайды, инфекциялық төсек қоры жеткілікті. Олардың бүгін тек 25 пайызы толық, реанимациялық төсек орынның 21 пайызы қолданыста. Бұған халықтың вакцинациялануы мен эпидемияға қарсы шаралары әсерін тигізді, - деп атап өтті ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұрлыбек Ожаев Мәжіліс депутаты атанды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы