Жаңа серпін алған ауыл мектебіне түлектері алғыс айтты
Жетісулық түлектер күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа серпін алған мектебіне 25 түп Тянь-Шань шыршасын отырғызды.
Ұстаздар мен мектеп директоры игі іске қолдау білдірді.
Еліміз бойынша түлектер арасында ағаш отырғызу акциясы дәстүрге айналды. Жетісу облысы, Ақсу ауданы Жансугуров ауылының орталығында орналасқан Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мекетебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемелкеттік мекемесінің түлектері де білім ордасына алғыс білдірді. Әр жылдың мектеп бітірушілері аулаға ағаш егіп, мектепке деген ризашылықтарын осылай білдіреді. 2004 жылғы түлектер өздерін білім нәрімен сусындатқан білім ордасына 25 түп Тянь-Шань шыршасын отырғызды. Бүгінде 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектердың әрқайсысы әр салада тер төгіп жүр. Мектеп директоры Сыздықбаев Әділжан Махмутжанұлы да түлектерге игі істері үшін алғыс айтты.
Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектептің алғашқы іргетасы 1976 жылы қаланып, 1977 жылы пайдалануға берілген. Жылпы сыйымдылығы 844 орынға арналған. Қазіргі таңда мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жаңа серпін алды. Мектепте 725 оқушы білім алады және 82 мұғалім қызмет атқарады. Түлектерімізге мектеп ауласын жасыл желекпен әсемдеп, 25 түп шырша сыйлағандарына ұжым атынан алғыс білдіреміз, – деді мектеп директоры.