Жаңа Салық кодексінің жобасы жарияланды

Ұлттық экономика министрлігі “Ашық НҚА” порталында жаңа Салық кодексінің жобасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.

Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынастарды реттейді, - делінген құжатта.

Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15096317 сілтемесі бойынша қолжетімді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы