Жаңа Салық кодексінен қанша табыс түседі?

Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева жаңа Салық кодексіне қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, кодекс қабылданар сәтте жыл сайын қосымша 4-5 трлн теңге көлемінде кіріс түседі деп болжанған. Алайда Үкіметтің қазіргі болжамдары бұл көрсеткіштен әлдеқайда төмен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нақты болжамдар бойынша республикалық бюджетке түсетін кіріс көлемі қандай? Олжас Абайұлының айтуынша, бұған дейінгі күтулер бүгінгі көрсеткіштермен сәйкес келмейді. Бұл жаңа Салық кодексінде қарастырылған көптеген салықтық жеңілдіктермен байланысты емес пе? – деп сұрады депутат.

Сауалға жауап берген Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин түсімдердің төмендеуі бірнеше факторға байланысты екенін атап өтті.

2024 жыл – жаңа салық және бюджет кодекстеріне негізделген бюджеттік жоспарлау базалық жылы. Қазірдің өзінде үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру жұмыстары басталды. Бірақ нақты есептеулер тамыз айында ғана жарияланатын ресми статистикалық деректерге сүйене отырып жасалады, – деді Әмрин.

Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінің толық әсерін бағалау үшін макроэкономикалық параметрлер ескеріліп, қосымша түсімдер шамамен 3–3,5 трлн теңгені құрауы мүмкін.

Иә, біз биылғы алғашқы бес айда соңғы 12 жылда алғаш рет ЖІӨ өсімі 6%-ға жеткенін көріп отырмыз. Бірақ сыртқы факторлар – геосаяси ахуал, мұнай мен шикізат бағасы сияқты ықпал етуші элементтер де бар. Сондықтан нақты болжамды қыркүйек айында, алғашқы 7 айдың нақты қорытындылары шыққан соң айтуға болады, – деді министрлік өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақы өсуі мүмкін екені жазылған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы