24 Шілде 2026, 11:26 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Жаңа Салық кодексі: Инвестициялық келісімдердің бұрынғы тәртібі сақталуы мүмкін

Жаңа Салық кодексіне енгізілетін түзетулер аясында инвесторларға берілетін салықтық ынталандыру тетіктерін кеңейту ұсынылып отыр.

Қазақстанда инвестициялық келісімдерді жасасудың бұрын қолданылған тәртібін сақтау ұсынылып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Нұрлыбек Шаймаханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, мәселе Үкіметтің жекелеген тапсырмаларын іске асыру аясында қарастырылып жатыр.

Инвестициялық жобаларға берілетін жеңілдіктер тетігі қайта қаралды. Жаңа Салық кодексінде инвестициялық келісімдер жасау тәртібі оңтайландырылғанымен, бірқатар инвесторлардың ұсынысы бойынша 2026 жылға дейін қолданылған бұрынғы механизмді сақтау ұсынылып отыр, – деді Нұрлыбек Шаймаханов.

Оның сөзінше, ұсыныс қабылданса, инвестициялық келісімдерді жасасудың бұрынғы тәртібі сақталады.

Сонымен қатар мұндай келісімдерге қосымша ынталандыру шараларын енгізу көзделген.

Егер инвесторлар белгілі бір міндеттемелерді орындайтын болса, кейбір санаттар үшін қосымша салықтық ынталандырулар қарастырылады. Бұл тетік инвесторлардың шығындарын азайтуға бағытталған, – деді департамент директоры.

Белгілі болғандай, бұл өзгерістер жаңа Салық кодексіне енгізілетін түзетулер аясында қарастырылып жатыр және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Еске сала кетейік, «Алтын виза» алған шетелдік инвесторларға салықтық жеңілдіктер берілуі мүмкін. Жеңілдіктер жеке табыс салығына, кәсіпкерлік қызметке, мүлік пен жер салығына қатысты болады.

Тағы оқи отырыңыз: Салық кодексіне түзетулер қыркүйекте Парламентке енгізілуі мүмкін: Қандай өзгерістер ұсынылып жатыр 

Жаңа Салық кодексі бағаға қалай әсер етеді? – «Атамекен» жауап берді