Бүгiн 2026, 13:13 Фото: pixabay.com

Жаңа салық – ескі проблема: Дәрі бағасы неге өзгермей тұр?

Қазақстанда 2026 жылы фармацевтикалық компанияларға жаңа салықтар енгізілді.

Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялар 2026 жылдың қаңтарынан бастап енгізілген жаңа салықтар қолданыстағы дәрі-дәрмекке белгіленген шекті бағаларда ескерілмей отырғанын айтып, наразылық білдіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Еуразиялық медициналық қауымдастықтың дәрілік заттар мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Жұпар Байпақбаева елордада өткен форумда мәлімдеді.

Айтуынша, шекті бағалар былтыр Салық кодексіне өзгерістер енгізілмей тұрып бекітілген. Ал қазір фармкомпаниялар қосымша шығынға ұшырап отыр. Кейбір препараттарға 5% ҚҚС, ал фармацевтикалық қызметтерге 16% салық енгізілген. Бірақ олар бұл шығындарды бағаға қоса алмайды.

Өйткені біз биылдан бастап салық жүйесіне белгілі бір өзгерістер енгізіліп жатқанын түсінеміз. Олардың барлығы баға қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Соңында халық үшін баға қандай болады, қалай әсер етеді? Қазір сөз болып отырғаны – тұрғындардың шығындары, - деп түсіндірді Жұпар Байпақбаева Қазақстанның фармацевтикалық саясатына арналған форумның кулуарында берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол мемлекет бюджет пен МӘМС есебінен сатып алынатын бірқатар препараттарды салықтан босатқанын алға тартты. Алайда жеке сегментте, яғни нарықтың шамамен 40-43%-ы бағаларды "ұстап тұруға" мәжбүр. Ал компаниялардың шығындары өсіп келеді. 

Спикер бизнес пен реттеуші органдар ортақ мәмілеге келіп, дәрі тапшылығы мен халық үшін бағаның күрт өсуіне жол бермейді деген үміт білдірді.