Жаңа Қазақтанды Үкіметтен күтіп отыру дұрыс емес – Олжас Сүлейменов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Желмая жобасының қонағы болған Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов айтты.
Жастарға сағын сындырып, мотивацияға емес демотивацияға апаратын дүние ол - әділетсіздік. Шыны керек, өзіміз де оған тап болдық. Біз жастар саясатына қатысқан кезде «массовка» болдық. Яғни, жастар саясаты емес, «массовка саясаты» болды. Меніңше, жастарымызға әділеттік қажет. Президенттің айтқан, жаңа Қазақстан және әділетті Қазақстан идеясы қатты ұнады. Оның құрылғанын, әрине қалаймыз, - дейді спикер.
Сүлейменовтың айтуынша, жаңа Қазақтанды Үкіметтен күтіп отыру дұрыс емес.
Азаматтық қоғам белсенді болуы керек. Әділетті біз өзімізден бастауымыз қажет. Өйткені қазақта «ең әділетті адам өз өзімен әділетті адам» деген сөз бар . Кейде сыбайлас жемқорлыққа өзіміз үлес қосып жатамыз. Бауырымызға диплом сатып алып береміз. Керекті төлқұжатты ақшамен шешуге тырысып, өзіміз ақшаны кімге береміз деп ойланып жүреміз. Сондықтан жаңа Қазақстанның құрылуы әрқайсымызға байланысты. Мен үшін жаңа Қазақстан деген таланты бағалайбай жүрген тұлғаларымыз бағаланса, көзге көрінбей жүрген қаншама жастарымыз бар олар да бағаланса, әсіресе, өңірлерде қабілетті жастарымыз көп, - деді Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов.