Жаңа Қазақстанға бәріміз жұмыс істеуіміз керек – Нұрғазиева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Азаматтық альянсының басшысы Бану Нұрғазиева референдумды қоғамдық қолдаудың республикалық штаб мүшелерінің брифингінде айтты.
Барша қазақстандықты осы референдумның өткенімен құттықтаймын. Халық референдумға келіп, өзінің пікірін айтқаны - жаңа саяси әрбір азаматтың өзінің пікірін білдіргені. Ешкім айтқан жоқ. Елордада 60 сайлау учаскесіне барған кезде дала суық болды. Соған қарамастан жас отбасылардың бала-шағасымен келгені және азаматтық борышын атқарып жатқаны қуантты. Бүгін нәтижесін естиміз. Нәтижесі жаман болмайтынына сенемін. Осыдан бастап үлкен жұмыс басталады. Жаңа Қазақстанға бәріміз жұмыс істеуіміз керек. Конституциялық заңдар өзгереді. Бұлар біздің өмірімізді өзгертеді, - деді Бану Нұрғазиева.
Өз кезегінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев бір айдың ішінде 1339 шара өткізіліп, 631 мыңға жуық адамды қамтылғанын айтты.
Осы түсіндіру жұмысты офлайн түрмен шектелмей онлайн платформаларда үлкен санға жетіп отырмыз. Біріншіден, біз өңірлерде қатарлы мүшелермен кездесу барысында олар өзгерістерге оң пікірін білдірді. Бұл бағытта әрі қарай кәсіподақ федерациясының атқарар жұмысы жайлы сұрақтар көп болды. Бастысы заңнаманы өзгерту жағынан да кәсіподақтар федерациясы және мүшелері өз үлесін қосады деген сенімдеміз. Себебі біз әр деңгейдегі жұмыс топтарына белсенді түрде қатысып отырмыз. Ең басты мақсатымыз - еңбек адамына, қызметкерге мемлекетіміздің әлеуметтік функциясын ыңғайлату. Бізге әлеуметтік кепілдер керек,- деді Нұрлан Өтешев.