Жаңа Қазақстанды құруға әр адам өз үлесін қоса алады – Марат Әзілханов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барша ел болып Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын үлкен ықыласпен тыңдадық. Жолдауда саяси реформалар бағдарламасы жарияланып, бұл Жаңа Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңінің басталуын белгіледі, деді ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов.
Аталған реформалар Қ.Қ. Тоқаевтың президенттігінің алғашқы күндерінен бастап қолға алған түбегейлі өзгерістердің қисынды әрі ауқымды жалғасы болды. Қазақстандық көшбасшының бастамалары мемлекетті демократияландыру және биліктің қайнар көзі Қазақстан халқы болып табылатыны туралы негізгі конституциялық постулатты нығайту үшін база болатыны сөзсіз.
Мемлекет басшысы негізгі саяси қайта құрулардан басқа геосаясат пен геоэкономикадағы турбуленттік жағдайындағы дағдарысқа қарсы шараларға назар аударды. Ел президенті Қазақстанның ауқымды дағдарысты еңсеру үшін қажетті қауіпсіздік қоры бар екеніне сендірді, - деді ол.
Сонымен бірге, Президент ең өзекті сұрақтарға жауап берді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың үніне құлақ асатынын көрсетті, өйткені оның бастамасымен қолға алынған барлық реформалар елдің көптен күткен реформалары болып табылады.Мемлекет басшысы біздің басты үнемдеу ресурсымыз – халық бірлігі екенін тағы да атап өтті. Халықтың бірлігі Қаңтардағы оқиғалар кезіндегі ең қайғылы сценарийлерді жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Ұлт бірлігі - ауқымды өзгерістерді жүзеге асырудың басты шарты. «Біз кез келген сын - қатерді бірлесе еңсеріп, Қазақстанды одан да жақсырақ ете түсеміз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Біздің Президентіміз әрбір азаматты жаңа Қазақстанның құрылысшысы болуға шақырды, - деді Марат Әзілханов.
Біз бәріміз жақсы жаққа қарай ауқымды өзгерістердің алдында тұрмыз.
Қазір баршаға түсінікті әрі ортақ осы мақсатқа жетіп, осы жолды бірге еңсеру үшін халықтың бірлігі бұрынғыдан да аса қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа Жолдаудың міндеттерін толық қолдайды және оларды іске асыруға белсенді қатысады, - деді ол.