Жаңа Қазақстанды құру үшін бірлік, ынтымақ, қажырлы еңбек қажет - Ерлан Қошанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлытау өңірінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді.

Әділетті Қазақстанның басты көрінісі – әділ сайлау. Осы орайда Жаңа Қазақстанның алғашқы саяси науқаны бұрын-соңды болмаған ашықтық, әділдік жағдайында өткені мәлім. Референдум асқан белсенділікпен, әкімшілік күштеусіз, нығыздаусыз, халықты әбігерге салмай өткізілді. Оның қорытындыларын бұрындары елдегі сайлау үдерісін үнемі сынап келген халықаралық ұйымдардың өзі оң көзбен қабылдап, оң баға беріп жатыр. Тіпті, еліміздегі әсіре сыншыл топтардың өзі де өзгерістердің дұрыс жақта өрбіп отырғанын мойындауға мәжбүр болды. Бұның өзі айқындаған стратегиялық бағыттың дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Жалпы алғанда, біз мынаны айқын түсініп-түйсініп алғанымыз абзал деп ойлаймын: заман түбегейлі өзгеріп жатыр, - деп атап өтті  Мәжіліс төрағасы. 

Айтуынша, Жаңа Қазақстанды құру үшін бірлік, ынтымақ, қажырлы еңбек қажет. 

Біз өмірдің өзгергенін, қоғамның өзгергенін ескере отырып, өзіміз өзгере бастауға тиіспіз, міндеттіміз. Жаңа Қазақстан дүниеге жарлықпен келмейді, бірлікпен, ынтымақпен, қажырлы еңбекпен ғана келеді. Бұл – баршамыздан зор жауапкершілікті, табандылықты, шынайылықты, принципшілдікті қажет ететін жауапты миссия, - деді Ерлан Қошанов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы