Жаңа Қазақстан. Сарапшылар саяси реформалардың жаңа бағдарламасын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы «Sarap» эксперттік клубының алаңында «Жаңа Қазақстан» үшін саяси реформалардың жаңа бағдарламасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға мәжілісмендер, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты. Отырыс барысында қатысушылар Мемлекет басшысының елді одан әрі дамытуға, саяси жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларын, сонымен қатар Жолдауда белгіленген міндеттерді шешу жолдарын талқылады.

Отырыс барысында Президент жолдауы – біздің қоғамның ең өзекті және шұғыл мәселелерін шешуге бағытталған экономикалық, әлеуметтік және саяси шаралар кешені екендігі айтылды. 

Дөңгелек үстел отырысына қатысқан әр сарапшы өз пікірін білдіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Соңында олар Жолдауда айтылған жаңа бастамалар мен міндеттерді қолдады.

Айта кетерлігі, 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезектен тыс жолдау жасағаны белгілі. Жолдау саяси реформалар бағдарламасын және бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды іске асыруға арналды.

Біз жаңа Қазақстанда «Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануға тиіспіз. Диалог пен мәміленің жоғары мәдениеті еліміздегі азаматтық ынтымақтастықты арттыратын басты фактордың біріне айналады, - деді Президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы