Жаңа Қазақстан өздігінен құрылмайды - Альберт Рау

Ассамблеяның кезекті сессиясында Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау Ассамблея жұмысының алға жылжып, өзінің тарихи миссиясын дамытып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, саяси реформалар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, барлығына тең мүмкіндіктер жасау үдерісі жалғасып жатыр. Қазақстан өзгелерге сенімді үлгі.

Сонымен қатар депутат Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасына да тоқталды.

 Азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, мәслихаттардың өзін-өзі басқару органы ретіндегі рөлін күшейтуге тиіс. Осылайша реформалар еліміздің одан әрі тұрақты дамуы үшін негіз жасайды. Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет – еліміздің негізгі ұстанымы. Сайлау тек бастамасы ғана, өйткені Жаңа Қазақстан өздігінен құрылмайды, бұл бәріміздің үлкен күш-жігеріміз, - деді Альберт Рау.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы