Жаңа Қазақстан азаматы қалай қалыптасады? Тоғжанов жауап берді

Елімізде 6,7 млн-нан аса балалар бар. Олар Қазақстан халқының - 35 пайызы. Педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстан құру идеясын  іске асыру міндеттерінде білім беру жүйесінің маңызы ерекше. Соған байланысты жаңа талаптар жүктеліп отыр. Елімізді 6,7 млн-нан аса бала бар. Олар Қазақстан халқының - 35 пайызы. Біз мемлекетіміздің тірегі болатын жас ұрпақтың жан-жақты дамуына бүкіл жағдайды жасауға тиіспіз. Жаңа Қазақстанды құру - ең алдымен білімге құштар, еңбекке адал, қоғамға жауапты азаматтарды қалыптастыру, осы арқылы қоғамдық құндылықтарды жаңарту, - деді тамыз конференциясында.

Үкімет басшы орынбасының айтуынша, жаңа Қазақстанның азаматтарын қалыптастыру балабақша мен мектеп қабырғасынан басталуы тиіс.

Бұл оқу-ағарту саласының басты міндеті. Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы білім беру саласындағы үйлестіруді күшейту мақсатында Оқу-ағарту министрлігін құрды. Жаңа оқу жылынан бастап министрлік облыстық білім басқармалары мен оқу-ағарту ісінің ұстаздарының барлық потенциялын жұмылдыруы тиіс, - деді  Ералы Тоғжанов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы