«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы іске қосылады
Мәдениет және спорт министрлігі «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасын іске қосады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Асхат Оралов министрлік қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға және еліміздің барлық өңіріндегі кітапханаға таратуға ерекше назар аударылатынын айтты.
Былтырдың өзінде 506 мың кітап өңірлерге таратылды. Кітапхана қорын құнды кітаптармен толықтыру – мәдени саясаттың маңызды өзегі. Осы бағытта министрлік «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасын қолға алатын болды. Қазақстан кітапханалары азаматтарымыз үшін білімге еркін қол жеткізетін әрі олардың мәдени сұраныстарын қамтамасыз ететін заманауи форматтағы көпфункционалды ақпараттық демалыс орнына айналуы тиіс деп санайды, - деді министр.
Оның айтуынша, елдімекендерде, әсіресе шалғай аудандарда кітапхана жастар бас қосатын рухани орталық болуы керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы