Жаңа премьер-министр Тоқаевқа уәде берді

Жаңа Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің берген тапсырмаларын орындайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті Президент мырза! Сіз берген ауқымды тапсырманың барлығы мүлтіксіз орындалады. Жаңартылған Үкіметтің құрамы оған дайын. Мәселелердің сәнінен гөрі мәніне көп назар аударамыз. Нақты іспен айналысамыз. Нәтиже болады деп уәде беремін, - деді Бектенов кеңейтілген отырыстың соңында.

Айта кетейік, 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Әлихан Смайыловтың орнына Олжас Бектенов Премьер-министр болып тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы