30 Шілде 2026, 21:50
Фото: depositphotos.com
Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?
Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ мектеп оқушыларының демалыс кезеңдерін бекітті.
Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Оқу кестесіне сәйкес:
- І тоқсан – 8 оқу аптасы. Күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында (7 күн);
- ІІ тоқсан – 8 оқу аптасы. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін (14 күн);
1-сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында қосымша 7 күндік демалыс қарастырылған;
- ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында (7 күн);
- IV тоқсан – 8 оқу аптасы және 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Сонымен қатар, министрлік 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдерін де бекітті. Бұл туралы толық ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.