8 Қыркүйек 2026, 16:33 Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Жаңа оқу жылының әсері: Алматы автобустарында жолаушылар саны артты

Қыркүйек басталғалы Алматы көшелеріндегі қарбалас қайта күшейді. Таңертең жұмыс пен оқуға асыққан жұрт, кешке үйіне қайтқан тұрғындар қоғамдық көліктерде адам қарасын көбейтті. BAQ.KZ тілшісі қаладағы таңғы және кешкі қарбаластың қалай өтіп жатқанын көру үшін Алматының адам көп жүретін көшелерін аралап шықтық.

Айта кетейік, қаладағы қоғамдық көлікке қатысты жағдайды өз көзімізбен көріп қайтуға алматылық тұрғынның жазбасы себеп болды. Ол таңғы сағат 7:10-да Шұғыла ықшамауданынан Б.Момышұлы метро станциясы бағытына қатынайтын барлық автобустар лық толы екенін жазған еді.

Автобустардың 3-5 минуттық аралығы жолаушылар ағынын игеруге жеткіліксіз. Кейін Б.Момышұлы метро станциясының өзінде де 3 минуттық интервал жағдайды жеңілдете алмай отыр. Алматы қаласының әкімдігі жаңа қасбеттер мен жаяу жүргіншілер аймақтарын жасағаны жақсы, бірақ көлік және қоғамдық көлік инфрақұрылымына да назар аударсаңыздар екен, - деген еді алматылық тұрғын. 

Фото: Threads

Расында, таңғы уақытта аялдамаларда автобус күткен адамдардың қарасы қалың болды.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Кейбір бағыттарда жолаушылар автобус келген бойда ішке сыйысуға тырысып, есік алдында кезек пайда болды.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Автобустардың ішінде бос орын табу қиын, ал көп жағдайда жолаушылар жолды түрегеп тұрып өткізеді.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Әсіресе қала орталығына қарай қатынайтын бағыттарда жүктеме айтарлықтай жоғары.

Кешкі уақытта да жағдай айтарлықтай өзгермейді.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Жұмыстан және оқу орындарынан қайтқан тұрғындар қоғамдық көліктерге лық толады.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Кей аялдамаларда алғашқы келген автобусқа сыймаған жолаушылар келесі рейсті күтуге мәжбүр болады. Қарбалас сәттерде автобустардың есік маңында адам көп жиналады.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Метроның кіреберістері мен эскалаторлары маңында да адам қарасы қалың болып, жолаушылар легі бір сәтке де саябырсыған жоқ.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Жалпы метро станцияларында жолаушылар саны артқаны байқалады.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Таңертең платформаларда пойыз күткен адамдар легі үзілмейді. Вагондарда бос орын сирек кездеседі, ал кей жолаушылар бірнеше станция бойы түрегеп жүреді. Кешкі уақытта метроға түсетіндердің қарасы одан әрі көбейеді.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Қала тұрғындарының бір бөлігі жеке көліктен гөрі қоғамдық көлікті таңдағанымен, жолаушылар ағынының көбеюі автобустар мен метроға түсетін салмақты арттырған.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Әсіресе қыркүйек айында студенттер мен оқушылардың қалаға оралуы бұл үрдісті айқын көрсетті.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Дегенмен таңғы және кешкі қарбалас кезінде Алматының қоғамдық көлік жүйесі әдеттегіден әлдеқайда қарқынды жұмыс істеп жатыр.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Осылайша қыркүйек айындағы дәстүрлі қарбалас Алматының қоғамдық көлік жүйесіне түсетін жүктеменің айтарлықтай артқанын тағы бір мәрте көрсетті.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина
Айта кетейік, Алматы – еліміздегі ең үлкен білім беретін орталық. Қазір қаладағы 35 жоғары оқу орнында 221 мың студент білім алып жатыр. Оның 149 мыңы басқа өңірден келген.