Жаңа оқу жылында орыс тілі 2-сыныптан, шет тілі 3-сыныптап басталады
Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/әна тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады. 2023-2024 оқу жылында тілдер оқу бағдарламасына кезең-кезеңімен енеді. BAQ.KZ бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/әна тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады. Орысша оқитын 1-сынып оқушылары қазақ тілі және букварь пәндерін оқиды. Шет тілі 3-сыныптан бастап оқытылады, – делінген хабарламада.
Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылып жатыр.
Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды, – деді Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы