2 Сәуір 2024 2024, 20:27 Фото: - архив

Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа қанша оқушы баратыны анықталды

Жаңа оқу жылында 370 мыңға жуық қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа оқу жылында 370 мыңға жуық қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сәйкес биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. 

Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде, - делінген хабарламада.