Жаңа өндіріс, жаңа жұмыс орындары: Қостанайда жиһаз фабрикасы іске қосылды
2025 жылы өңірдің жиһаз саласы шамамен 5 млрд теңгенің өнімін өндірсе, жаңа кәсіпорын өндіріс көлемін одан әрі арттыруға мүмкіндік беред
Қостанай облысында заманауи жиһаз өндірісі іске қосылды. Жаңа жоба өңірдегі өнеркәсіптің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өндірушілердің нарықтағы позициясын нығайтуға ықпал етеді.
Кәсіпорын сериялық корпус жиһаздары мен МДФ қасбеттерін шығаруға маманданған. Өндірістік және қойма ғимараттарының жалпы аумағы 12 мың шаршы метрден асады. Кәсіпорында 120 адам жұмыс істейді.
Жоба мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асырылды. Заманауи автоматтандырылған желілердің көмегімен кәсіпорын еліміздегі ең ірі жиһаз өндірушілердің қатарына енуге мүмкіндік алды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жиһаз саласы шамамен 5 млрд теңгенің өнімін өндірді. Ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында өндіріс көлемі 1,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50,6 пайызға өсті.
Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, өнім жеткізу географиясын кеңейту жоспарланып отыр.